Маркетинг Департаментінің Аға менеджері (Контент-маркетингті басқару)
Astana, Kazakhstan11h ago
Free account needed to apply or save. It takes a minute, and we'll bring you right back to this job.
How well do you match this job?
Key details
- Location
- Astana, Kazakhstan
- Work style
- Onsite
- Job type
- Full-time
- Function
- Marketing & Communications
- Focus area
- other
- Posted
- 11h ago
About the role
Описание вакансии
Контент-маркетинг стратегиясын басқару: Университеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкес контент-маркетингті дамытуды, брендтің танымалдылығын арттыруды және коммуникациялардың бірізділігін қамтамасыз етеді.
Университеттің басымдықтары мен бренд стандарттарына сәйкес контент стратегиясын әзірлейді.
Жылдық және тоқсандық контент-жоспарларды, негізгі хабарламалар мен тарату арналарын айқындайды.
Мақсатты аудиториялармен коммуникация тәсілдерін жетілдіреді және жаңа контент форматтарын енгізеді.
Контент өндірісін үйлестіру: Университеттің коммуникациялық мақсаттарына сәйкес сапалы контенттің дайындалуын ұйымдастырады және бақылайды.
Мәтіндік, фото, бейне және графикалық контент өндірісін үйлестіреді.
Редакциялық стандарттарды белгілейді және материалдардың сапасы мен брендке сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Шығармашылық идеяларды әзірлейді, сценарийлер мен техникалық тапсырмаларды келіседі.
Материалдарды дайындау, келісу және тапсыру мерзімдерін бақылайды.
Әлеуметтік желілер мен цифрлық арналарды дамыту: Университеттің ресми әлеуметтік желілерін стратегиялық басқаруды жүзеге асырады және аудиториямен өзара байланысты нығайтады.
Әлеуметтік желілерді дамыту стратегиясы мен тиімділік көрсеткіштерін айқындайды.
Контент-жоспарларды келіседі және жариялау процестерін бақылайды.
Коммуникациялардың бірізділігін, материалдардың сапасын және бренд талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік желілердің тиімділігін бағалайды және жаңа форматтарды енгізеді.
Цифрлық жарнамаға арналған контентті әзірлеуді үйлестіреді.
Брендті ілгерілету және халықаралық коммуникациялар: Университеттің беделін нығайтуға және отандық әрі халықаралық аудиторияларды қамтуға бағытталған контенттік жобаларды үйлестіреді.
Брендтік және жарнамалық контент науқандарын әзірлейді және үйлестіреді.
Білім беру бағдарламалары, ғылыми жетістіктер, іс-шаралар мен бастамалар туралы материалдардың дайындалуын бақылайды.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі контентті мақсатты аудиториялардың ерекшеліктеріне бейімдеуді үйлестіреді.
Университет Мектептерімен, бөлімшелерімен және халықаралық серіктестермен бірлескен коммуникациялық жобаларды жүзеге асырады.
Контент тиімділігін талдау: Контенттің нәтижелілігін бағалайды және коммуникациялық стратегияны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Аудиторияны қамту, тартылу және аудитория санының өсу көрсеткіштерін бақылайды.
Цифрлық арналар мен контент форматтарының тиімділігін талдайды.
Талдау есептерін дайындайды және стратегияны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
Команданы функционалдық үйлестіру және ресурстарды басқару: Контент стратегиясын іске асыру үшін мамандардың жұмысын және қажетті ресурстарды үйлестіреді.
SMM менеджері мен фото және бейнеконтент жөніндегі менеджердің жұмысын функционалдық тұрғыдан үйлестіреді.
Жұмыс басымдықтарын белгілейді, мерзімдер мен нәтижелердің сапасын бақылайды.
Университет бөлімшелерімен, мердігерлермен және серіктестермен өзара іс-қимылды ұйымдастырады.
Контент өндірісіне қажетті ресурстар мен бюджетті жоспарлауға қатысады.
Жұмыс процестерін жетілдіреді және мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсетеді.
Тікелей басшы мен Университет басшылығының Департамент құзыретіне сәйкес өзге де тапсырмаларын орындайды.
Требования к квалификации
- Контент-маркетинг, цифрлық маркетинг, стратегиялық коммуникациялар, брендинг және ұйымды нарықта позициялау қағидаттарын білу.
- Цифрлық платформаларды, әлеуметтік желілерді, коммуникациялық арналарды және контентті тарату құралдарын білу.
- Контент-маркетинг стратегияларын, коммуникациялық науқандар мен контент-жоспарларды әзірлеу және іске асыру дағдылары.
- Әртүрлі платформаларда контентті әзірлеу, редакциялау және тарату процестерін ұйымдастыру және үйлестіру дағдылары.
- Жобаларды басқару, ресурстарды бөлу, орындалу мерзімдерін бақылау және контенттік бастамалардың бюджетін жоспарлау дағдылары.
- Веб-аналитика, әлеуметтік желілер аналитикасы және маркетингтік коммуникациялардың тиімділігін бағалау құралдарын меңгеру.
- Талдамалық есептерді дайындау және контент-маркетингтің тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу дағдылары.
Дополнительная информация
- Маркетинг, контент-маркетинг, PR, стратегиялық коммуникациялар немесе сабақтас салаларда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
- Контент стратегияларын әзірлеу және іске асыру, әлеуметтік желілерді басқару және цифрлық контент өндіру саласында практикалық тәжірибесінің болуы.
- Жобаларды, контент әзірлеу жөніндегі мамандардың жұмысын немесе сыртқы мердігерлердің қызметін үйлестіру тәжірибесінің болуы.
Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include preliminary selection based on experience and qualifications, followed by assessments and formal interviews. Formal interviews are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.